Биыл прокуратура жұмысшыларына еңбекақы төлемеген ірі кәсіпорындарды анықтады. 29 мыңнан астам азаматтың конституциялық және еңбек құқығы қорғалып, 193 млн теңге залал өтелді.
«Мұғалжар аудандық прокуратурасы «Көктас« АҚ-ның 100-ден астам жұмысшысының құқығын қорғады. Нәтижесінде 10 млн теңге сомасындағы берешек өтелді. Тағы бір мысал, Ақтөбе қаласы Астана ауданының прокуратурасы мониторинг жасап, «Aqtobe Su Energy Group» АҚ-ның жалақы бойынша қарызын анықтады. Берешек сомасы 184 млн теңгеден асқан. Енгізілген қадағалау актілерін қарау нәтижелері бойынша қызметкерлердің құқығыы қорғалып, жалақы төленді», - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
15:36, 22 Мамыр 2021
Ақтөбе прокуратурасы 29 мың жұмысшының құқығын қорғады
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық прокуратурасы биыл 29 мыңнан астам адамның конституциялық және еңбек құқығын қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.