АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокуратурасы кәсіпкер құқығын қорғап, заңсыз салынған айыппұл мөлшерін азайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы ауданы прокуратурасына медициналық бетперде тақпағаны үшін әкімшілік айыппұл салынғанын, және онымен келеспейтінін айтып, кәсіпкер арыз түсірді. Жеке кәсіпкер А.Алмағамбетованың айтуынша, мониторинг тобы дүкен жабылып жатқан уақытта бақылау жүргізген. Ол кезде сатушы бетперде тақпай жүрген.
«Кәсіпкерге 638 мың теңге айыппұл салған. Бұл қате. Айыппұл кәсіпкерге емес, жеке тұлғаға ауыстырылды. Оған 83 мың теңге айыппұл салынды», - деп хабарлады Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.