Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, сот орындығында 1988, 1984 және 1993 жылғы үш жас жігіт отыр.
Олар лаңкестікті насихаттау, лаңкестік тобының қызметіне қатысу, жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, сату, сақтау, тасымалдау, сондай-ақ ұрлау немесе қорқытып алушылық, қаруды заңсыз дайындау бойынша айыпталуда.
Сотталушыларды үш адвокат қорғауда.