Ақтөбе және Қостанай облысында жол жабылды

АСТАНА.KAZINFORM – ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

2026 жылғы 6 наурыз сағат 18:00-дегі жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты 2 облыстағы 4 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылған:

Ақтөбе облысы:

- «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 776-965 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы – Қарабұтақ ауылы);

- «Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автожолының 5-234 шақырым аралығы (Қарабұтак кенті — Қостанай облысының шекарасы);- «Ақтөбе – РФ шекарасы (Әлімбет ө/п)» автожолының 39-136 шақырым аралығы (Ш.Қалдаяқов елді мекені – Әлімбет ө/п);

- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 965-1153 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы – Ырғыз ауылы). 

Қостанай облысы:

- «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 234-549 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Қостанай қаласы).

Қазіргі уақытта республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 914 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, Ақтөбеде жол жөндеу жұмыстарына биыл 70 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалады.