Ақтөбе және Қостанай облыстарында найзағай ойнап, дауыл тұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің хабарлауынша, 19 маусым күні Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдауы ықтимал. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15 метр айналасында болады.  Түнде және күндіз кей жерлерде тұман түседі.  Дауыл тұру ықтималдығы - 90-95%.

29 маусым күні Ақтөбе облысында кей жерлерде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 16 метрге жетеді. Дауыл тұру ықтималдығы - 80-85%.