Ақтөбе жастары Денис Тенді еске алды

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі «Олимп» хоккей модулінде мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алу кеші өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін кешкілік ақтөбеліктер хоккей модуліне жиналып, спорт шебері Денис Тенді еске алу бағдарламасын тамашалады. Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығы мен Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі бірлесе ұйымдастырған шараға спорт ардагерлері, оқушылар мен студенттер қатысты.
 

«Мен Денис Тенді еске алу кешіне арнайы дайындалдым. Өзім музыкалық колледждің студентімін. Кеште Шопеннің «Сад Эдема» шығармасын орындауға келістік. Бұл мұңлы, сырға толы шығарма. Денис Тенді еске алу кешінде біз ойымызды осы туындымен жеткізе алдық деп ойлаймын»,- деді Аружан Жасыбай.

Ол мәнерлеп сырғанау шебері Денистің өнерін үзбей тамашалап, жарыстарда жанкүйер болғанын айтты.

Кеш кезінде «Олимп» спорт мектебі шәкірттері спортшының әніне өнер көрсетті. Ал  «Талант» студиясының шәкірті Әділет Түлкібаев арнау монологын оқыды.

«Әлем таныған Денис Тен бәрімізге үлгі болды. Бізді коньки тебуге үйреткен оның жеңісі еді. Әрдайым еске алып, жадымызда ұстаймыз»,- деді ол.

 

Соңғы жаңалықтар