Ақтөбе жолдарындағы тәртіпті 100 мыңнан астам жаңа көлік қадағалайды
Көліктердің барлығы жолдағы тәртіпті бақылау үшін тапсырылып отыр.
«Полиция қызметкерлерін көлікпен қамтамасыз ету, техникалық базасын нығайту мақсатында жұмыс жүйелі атқарылып жатыр. Жаңа көлік қоғамдағы тәртіпті бақылауға, ел тыныштығы үшін еңбек етуге септігін тигізе деп сенеміз. Ақтөбеліктер қорықпай жұмысына, сабағына баруы керек», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
Сонымен қатар, Президент Жарлығымен 8 қызметкер мемлекеттік наградаларға ие болды. Тәуелсіздік күні қарсаңында жалпы 1 мыңнан астам полиция қызметкері сыйақылар, арнайы алғыс хаттар мен медальдар алды.