Ақтөбеде 1 жастағы бала вирус жұқтырды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 1 жастағы бала коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін сағат 17:40-тағы мәлімет бойынша Ақтөбе облысында тағы 1 адамнан індет анықталды.

«9 мамыр күні 1 жастағы баланың қызуы көтеріліп, іші өткен. Ал 10 мамыр күні жедел жәрдем шақырып, одан анализ алынды. Лабораториялық зерттеуден соң баланың вирус жұқтырғаны анықталып отыр. Бала инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Қазір жағдайы қанағаттанарлық. Хаттамаға сәйкес ем алып жатыр. Жақын қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, оқшауланды», - деп хабарлады облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, облыста барлығы 175 адам індетке шалдықса, 54 адам емделіп, үйіне шықты.