Қылмысты болдырмау мақсатында полиция қызметкерлері қару ұстайтын азаматтарды тексерді.
Облыс бойынша барлығы 8 мыңнан астам қару тіркеуде тұр.
Құқық қорғаушылар тең жартысының иесінің үйіне барып, атыс құралын сақтау заңдылығын тексерді.
«Жедел алдын алу іс-шарасы аясында 223 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның 13-і қаруды заңсыз сақтау, 149-ы қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзу, 63-ң қаруды қайта тіркеу ережесін бұзу дерегі. Сонымен бірге заңсыз айналымнан барлығы 104 дана қару-жарақ алынды. Оның ішінде 13 дана атыс қаруы, 48 дана суық қару, 43 дана ойық және тегіс ұңғылы қарудың патроны бар», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.