АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жұмыссыз қалғандар 42 500 теңгені алып жатыр. Барлығы 248 мыңнан астам адам өтініш білдірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Әлеуметтік төлем алуға 248 032 адам өтініш берді. Оның ішінде 116 958 адам ақшасын алды. Жалпы, қазіргі кезде 4 млрд 970 млн теңге қаржы ақтөбеліктердің жеке есепшотына аударылды», - деп хабарлады облыстық штаб.
Айта кетейік, Call-орталық жұмыс істеп тұр. Барлығы 11 300-ден астам сұрақ түсті. Түскен сұрақтардың барлығы тиісті мемлекеттік органдарға шара қабылдау үшін жолданды.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.