Полиция қызметкерлері 131 дана тегіс ұңғылы қаруды пеште жойды. Оның 109-ы аңшы қаруы, 21-і газ және жарақат салатын тапанша, сонымен қатар бір электрошокер.
Иелері өз еркімен тапсырған аңшы мылтықтары және сот шешімі бойынша жойылуға жататын қылмыскерлерден алынған қару балқытылды.
«Қаруды пешке жібермес бұрын, комиссия салыстыру жүргізді. Содан кейін ғана қару қайта балқытуға жіберілді. Арнайы құрылған комиссия құрамына Полиция департаментінің, прокуратураның және орган қызметкерлері кірді»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
23:44, 16 Наурыз 2022
Ақтөбеде 130-дан астам қару жойылды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері 130-дан астам қаруды пеште балқытты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.