АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 15 жастағы Аружан Ерболқызы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ақтөбе облыстық полиция департаменті 15 жастағы Аружан Қанатованы іздейді. Ол 1 мамыр күні Ойыл ауданынан Ақтөбе қаласына келген. Содан бері хабарсыз кетті», - деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қосымшы белгілері: бойы 160-165 см, арықша келген жасөспірім. Қолында Айфон-5S телефоны бар. Қара тоқыма бас киім, әскери киім түсті күрте, қара кроссовка мен қара шалбар киген. Көрген-білген адамдардың полиция хабар беруі сұралды.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.