АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жүзе алмайтын тағы бір тұрғын суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе қаласындағы Елек өзенінде қайғылы жағдай тіркелді. «Миа» жеке жағажайына достарымен демалуға барған бозбала суға түсіп, жағаға шыға алмай қалды. Ол жүзе алмаған. Денесін құтқарушылар 2,5 метр тереңдіктен алып шықты.
«Жыл басынан бері облыс аумағында 13 адам, оның ішінде 3 бала тілсіз жаудың құрбаны болды. Өткен жылға қарағанда өсім бар»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін де суда жүзе алмайтын ақтөбелік жағаға шыға алмай, мерт болды.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.