Ақтөбе қаласында 7 шілде күні болған жол-көлік оқиғасынан соң халық арасында шу шығып, 19 жастағы Сюзанна Гамидованың өліміне себепкер болған жүргізушіге қатысты сұрақтар туды. Сол кезде қаза болған қыздың апасы Екатерина Гамидова ақтөбелік жүргізушілерден көмек сұраған болатын. Бейнематериалдарды өзі іздеді. Ал облыстық ІІД бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров көліктер арасында жарыс болмағанын мәлімдеп, тергеу жұмыстарының жалғасып жатқанын мәлімдеді. Өткен аптада 19 жастағы жүргізуші ауруханадан шықты.
«Жол-көлік оқиғасына қатысты қосымша сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр. Жүргізуші қыздың қайда екенін айта алмаймыз»,- деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.