АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 23 жастағы жігіт суға батып кетті. Ол жүзу білмеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қайғылы оқиға 30 маусым күні Ақтөбе қаласының Елек өзенінде болды. Қаза тапқан жігіт тыйым салынған аумақта шомылған.
«Куәгерлердің айтуынша 1998 жылы туған ер адам сау күйде болған, бірақ суда жүзу білмеген. Құтқарушылар денесін 2,5 метр тереңдіктен алып шықты»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, биыл облыс аумағында 12 адам, оның ішінде 3 бала тілсіз жаудың құрбаны болды.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.