Полицияға 16 жастағы ақтөбелік бойжеткен Гоголь көшесіндегі көпірдің астында Алға ауданындағы Березовка кентінің тұрғыны болып табылатын оның 49 жастағы тәтесінің мүрдесі табылғанын хабарлады.
Оқиға орнын қарау кезінде әйелдің өлімі ашық бас-ми жарақатының салдарынан болғаны анықталды.
Аталған қылмысты жасауда күдікті оқиға орнынан ізін суытқан, бірақ қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлері қабылдаған шұғыл шаралар барысында қолға түсті. Ол жанжал кезінде жәбірленушіні бірнеше рет басынан ұрған, тұрақты мекен-жайы жоқ 24 жастағы ер адам болып шықты.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті кінәсін мойындады.