АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 1 маусым мен 30 қазан аралығында «Қарасора-2021» жедел-алдын алу шарасы өткізіліп жатыр. Барлығы 243 келі есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Есірткі затын өсірумен, дайындаумен, сатумен, сақтаумен, контрабандамен, экспорттаумен айналысатын адамдарды анықтау және ұстау мақсатында «Қарасора-2021» жедел-алдын алу шарасы өткізіліп жатыр.
«1 маусым мен 24 қыркүйек аралығында 72 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде тасымалдағандар мен сатқандар, сатып алмақ болған адамдар бар. Нәтижесінде заңсыз айналымнан 243 келіден астам ескірткі заты тәркіленді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.