Өткен жылы мамандар барлығы 180 келі тауарды жеткізушіге кері қайтарып, 249 келі тауарды жойды.
«Porororo» ойыншығының иісі талапқа сай келмеді. Тауар бірден жеткізушіге қайтарылды. Себебі, иісі өткір, аллергия тудырады. Кішкентай балалар ойыншықты аузына салады. Бұл іш құрылысына қауіпті. Адамдар көбіне жарамсыз заттар туралы ақпаратты әлеуметтік желіге салады. Ал бізге шағым түсіруді ұмытады. Шағым болмаса тексеруге шыға алмаймыз. Қағаз жүзінде емес, бізбен электронды түрде байланысуға болады»,- деді Ақтөбе облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.
Атап өтілгендей, сапасыз ойыншықтардың сатылымға шығарылғанын кейде санитар мамандар да білмей қалады. Себебі, ойыншықтар шағын көлемде қол жүгімен жеткізіледі. Ал қол жүгі әдетте тексерілмейді.