АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбенің Маржанбұлақ ауылында гүл өсіретін жылыжай салынады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облысының Маржанбұлақ ауылында гүл өсіретін ірі жылыжайы салынады. Жобаның құрылысына 25 миллиард теңге жұмсалмақ. Құрылыс жұмыстарын бір айдан кейін бастау жоспарлануда.
«Гүл өсіретін жылыжай үшін Маржанбұлақ ауылынан 15 га жер бөлінді. «Орандж-Холдинг» компаниясы өңірде салынатын алғашқы жылыжай құрылысын ауылда жүргізіп, ішкі нарықты қамтуды жоспарлап отыр. Кейін жақын шетелге сата алады. Жылыжайда қызғалдақ пен раушан гүлі өсіріледі», - деді Алға ауданының әкімі Нағымжан Алдияров .
Айта кетейік, Алға ауданында биыл үш ірі инвестициялық жоба іске асырылады. Үшеуі де ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.