Ақтөбе облысы Шалқар қаласында қайғылы оқиға болды. 9 тамыз күні 26 жастағы жігітті пышақтап кетті. Оны ауруханаға жеткізгенімен, аман алып қалу мүмкін болмады.
— 2000 жылы туған пациент шабынан пышақ жарақатын алып жеткізілді. Ол ауруханаға сағат 05:51-де түсті. Медицина қызметкерлері дереу реанимациялық іс-шараларды бастады. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, сағат 06:21-де биологиялық өлім фактісі тіркелді, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Полиция қылмыстық істі тіркеп, тергеуді бастады.
— Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Шалқар қаласында жастар арасында жаппай төбелес болып, біреуі көз жұмды.
Кейін көз жұмған бозбаланың әкесі тергеуді әділ өткізуді сұрады.