АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 26 жастағы жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
1995 жылы туған жас жігіт Елек өзеніндегі суға шомылуға тыйым салынған орынға барған. Куәгерлердің айтуынша, мас күйінде суға түскен. «Оның денесін құтқарушылар 3,5 метр тереңдіктен шығарды. Ақтөбе облыстық ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Суға мас күйде шомылмаңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз, тыйым салынған орындарда шомылмаңыз. Айта кету керек, жыл басынан 15 адам, оның ішінде 4 бала тілсіз жаудың құрбаны болып отыр»,-деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.