Ақтөбе облысы бойынша үш аудан әкімін сайлауға 136 миллион теңге бөлінді. Орта есеппен әр ауданға 45 млн теңгеден келіп тұр.
Қазіргі кезде тіркеу жұмысы аяқталып, үгіт-насихат жүгізіліп жатыр. Мәселен Ырғыз ауданында 5 кандидат бар. Олардың бәрі мемлекеттік қызметші. Әл-Фараби Әлібекұлы, Нүркен Жұбаназаров, Орынғали Қонысбай, Альбек Таубатыров өзін-өзі ұсынса, бұған дейін аудан әкімі болған Нұрлан Қызбергенов «АMANAT» партиясы атынан үміткер. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуіне арналған мекенжайлар да анықталды.
Ал Қобда ауданында әдіскер, коммуналық мекеме басшысы мен ауыл әкімі, орман шаруашылығына жауапты қызметкерлер әкім болудан үмітті. Бағдат Амантаев, Асылбек Клютов, Бауыржан Мусаев, Еркебұлан Таласпаев өзін-өзі ұсынса, «AMANAT» партиясынан Ізгілік Тынымгереев кандидат ретінде тіркелді.
Үшінші аудан – Ойыл. Мұнда да 5 үміткер бар. Болатбек Әділханов, Айбек Сұлтанов, Айбат Ербазиев, Арсланбек Алдияр өзін-өзі ұсынса, Асқар Қазыбаев «AMANAT» партиясынан.
Үміткерлердің ең жасы 29-да болса, үлкені 61 жаста.
Кандидаттар арасында ауыл әкімдері, бөлім басшылары мен қарапайым мамандар болғанымен, әйелдер жоқ. Олар 4 қарашаға дейін үгіт-насихат жұмысын жүргізе алады.