АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласында 30 жастағы әйелдің мүрдесі табылды. Күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«25 қазанда Ряхов көшесіндегі пәтерлердің бірінде асфиксия түрінде зорлық-зомбылық белгісі бар 30 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Аталған факті бойынша күдіктіні анықтау және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Қазір осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен іс қозғалды.
Өзге ақпарат тергеу құпиялылығына байланысты жарияланбады.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.