Ақтөбеде 30 жастағы жігіт әкесін өлтірді деген күдікпен ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Алға ауданында баласы әкесін өлтіріп тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«27 шілдекүні Алға ауданының Тікқайың ауылындағы үйдің ауласынан адам денесі табылды.Сот-медициналық сараптама кезінде адамның механикалық асфексия, яғни,тұншықтыру кезінде өлгені анықталды. Учаскелік инспектор қайтыс болған ауылтұрғынының 30 жастағы баласын ұстады», - деп хабарлады облыстық ПДбаспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Күдікті уақытша тергеу изоляторынақамалып, Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен іс қозғалды.

Айта кетейік, 27 шілдекүні Ақтөбе қаласында тағы бір қылмыстық іс тіркелді. 21 жастағы қала тұрғыныоқ-дәрі жарақатымен Теміржол ауруханасына түстіп, көз жұмды.

«Оқ жүректұсына тиген. Күдікті ұсталды, ол кінәсін мойындады. Полиция 16 калибрлі аңшықаруын тәркіледі. »Адам өлтіру« бабымен қылмыстық іс қозғалды»,- деп хабарлады Ерболат Сарқұлов.