АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Тұрсын» жабық базарынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе қаласындағы Орталық базар маңында орналасқан «Тұрсын» жабық базарынан өрт шықты. Мұнда азық-түлікпен қатар балалар ойыншығы, ыдыс-аяқ, шаруашылық бұйымдары сатылады.
«Тұрсын» базарында өрт шығып, өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетті. Өрт сөндірілді. Қазіргі кезде оттың тұтану себебі анықталып жатыр. Өрт шарпыған жердің жалпы ауданы 300 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккен адам жоқ«,- деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.