Қазақстан Ғарыш сапары спутниктік түсірілімдері және ұшқышсыз ұшу аппараты дронды пайдалану арқылы Ақтөбе қаласы Астана ауданы аумағында 15, Алматы ауданында 17 заңсыз қоқыс алаңдары анықталды.
— Аталған құқұқ бұзушылықтар бойынша Астана және Алматы ауданы әкімдерінің орынбасарлары әкімшілік жауаптылыққа тартылды, қала әкіміне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді, — делінген хабарламада.
Прокуратураның үйлестіруімен бүгінгі күні қоқыс алаңдарын жою бойынша жұмыстар басталды.
Алдағы уақытта ұқсас жұмыстар облыс аудандарында жалғасын табады.
Облыс тұрғындары мен қонақтарын экологиялық заңнаманың талаптарын сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырамыз.
Тек бірлескен жұмыстар арқасында қолайлы экологиялық ахуалды қамтамасыз етіп, табиғи ресурстарды келешек ұрпақ үшін сақтап қала аламыз.
Айта кетейік, Астанада 55 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды.