АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Қайғылы жағдай Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ебейті ауылында тіркелді. Ойнап жүрген бала құлап, су жұтып қойған.
Оқиға бүгін сағат 13:00 шамасында тіркелді.
- Ебейті ауылының жанында Ебейті сайы бар. Оған қар суы жиналып жатыр. Бүгін 2020 жылы туған 4 жасар бала суға батып, қайтыс болды. Балалар сол маңда ойнаған,- деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Оның жанында болған тағы бір бала дін аман. Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпеновтің айтуынша, сай ауылдан 150 метр жерде орналасқан, тереңдігі шамамен 10-15 см болады. Ол жерде ауылдағы ағайындалардың балалары барып ойнаған. Ебейті ауылы су басу қаупі бар ауылға жатпайды.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.