Ақтөбеде 40 мың доллар пара бермек болған прокурорға үкім шықты
Прокурор болып жұмыс істеген Есентұр Қадыровқа қатысты тергеу жұмыстары өткен жылы 14 қарашада басталды. Сотталушы тергеу кезінде қамауға алынып, кейін ол бұлтартпау шарасы - үйқамаққа ауыстырылды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, соталды тыңдауы кезінде сотталушы Есентұр Қадыров тергеуде өзін айыптайтын айғақ табылмағанын айтып, істі тоқтатуды сұрады.
Судья Ербол Әбдіхалықов сот отырысын жалғастырып, бейнематериалдарды қарады. Бейнематериалда 40 мың долларды көліктен тәркілеу, санау, саусақ ізін анықтау жұмыстары жүргізілді. Сараптама қорытындысы кезінде ақшадан сотталушы Есентұр Қадыровтың саусақ ізі анықталмады. Бүгін судья Ербол Әбдіхалықов Қылмыстық кодекстің «Пара беру» бабы бойынша сотталушы Есентұр Қадыровты 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Айта кетейік, 37 жастағы Есентұр Қадыровтың 2 баласы бар. Ол Қырғызстанда дүние келген.