АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы бойынша 460 мың адамға вакцина егу жоспарланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облысында вакцина егу жұмыстарын жүргізетін медицина мекемелерінің тізімі жазылып, байланыс телефоны бекітілді. Кез келген тұрғын хабарласып, жағдайды біле алады.
«Бүгінге дейін Ақтөбе облысына 12700 доза бірінші, 12700 доза екінші компонент жеткізілді. Бүгін тағы 20 мың доза жеткізіледі. Облыс бойынша барлығы 10 мыңға жуық адам екпе қабылдады», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қазір медцина мекемелерінде вакцина егетін барлығы 34 пункт бар. Оның 14-і аудандарда, өзгесі қалада.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.