АСТАНА. KAZINFORM - Ақтөбелік құтқарушылар өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің алдын алды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Ақтөбеде ер адам 9 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған.
ТЖД құтқарушылары мас азаматпен келіссөздер жүргізді. Сонымен бірге, уақытты жоғалтпай, "Өмір кубын" жайып, адамды құтқару операциясына кірісті.
Оқиға орнында жедел-құтқару жасағы мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеді.
Ер адам полицияға тапсырылды.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.