- Сайлау комиссияларының құрамында 3 557 мүше бар. Яғни аумақтық сайлау комиссиясында 98, учаскелік сайлау комиссиясында 3 459 адам жұмыс істейді. Сайлау заңнамасына сәйкес аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері, құрамы, жұмыс кестесі және сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ақпарат БАҚ-та жарияланып жатыр. Сайлаушылардың тізімін жергілікті атқарушы орган жасайды. Учаскелік сайлау комиссиялары 3 тамыздан бастап жұмысқа кіріседі,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясы.
Ал Қызылорда облысында 9 жаңа учаске ашылады. Мұнда 500 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Батыс Қазақстанда Құрылтай сайлауына орай 2 мыңға жуық жас сайлаушы қосылмақ.