Жол апаты болған жерге жедел жеткен полиция КаМАЗ көлігінің жүргізушісін ұстады. 27 жастағы жүргізуші есірткі қолданған. Ал жаяу жүргінші белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болды.
«Жол-көлік апаты кезінде 55 жастағы әйел көз жұмды. Қазіргі күні Қылмыстық кодекстің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша іс қозғалды. Бірнеше сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті уақытша тергеу изоляторында отыр. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр», деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, таяуда ғана Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе-Орск тасжолында 37 жастағы әйел қаза болды . Жыл басынан бері Ақтөбеде 600-ге жуық жол-көлік апаты тіркеліп, 738 адам түрлі жарақат алды. Ал 67 адам мерт болды.