Ақтөбеде 7 жасар теннисші ширақ қимылымен көпті тәнті етті

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбелік теннисші Медина Амандықтың теннис ойнаған сәті әлеуметтік желіге тарап, оқушы бірден танымал болды. Құршасай орта мектебінде білім алатын кішкентай спортшы қазіргі кезде аптасына алты күн жаттығып жүр.

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Құршасай тұрғын алабындағы № 77 орта мектептің 2-сынып оқушысын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мұхит Әбдіғалиев жаттықтырады.

Медина Амандық 5 жасынан бастап теннис үйірмесіне қатысып жүр.

Қолға ракетка ұстау, допты қағып алу, қарсыластың осал тұсын біліп, оны басып озу ережесін шебер меңгерген. 

Қимылы ширақ оқушы аптасына 6 күн жаттығып жүр.