Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хабарлауынша, 5 ауданның аумақтық сайлау комиссиясы 8 ауылдық округ әкімдерінің сайлауын тағайындады.
13 қыркүйекке сайлау өтеді. Яғни әкім сайлауы Әйтеке би ауданының Ақтасты, Жабасақ ауылдық округтерінде, Қарғалы ауданының Ащылысай, Мұғалжар ауданында Еңбек, Жұрын, Хромтау ауданының Көктау, Тассай, Шалқар ауданының Айшуақ ауылдық округінде болады.
- Сайлау округтері құрылды. Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 6 тамыздан басталады,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясы.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, маусымда Ақтөбеде төрт ауылдың әкімі сайланды.