АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданының тұрғыны Владимир Филипп вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облысы бойынша коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 27 мыңнан астам адам қабылдады. Ал екінші компонентті 6 мың адам алды.
«Мен 1928 жылы Украинада өмірге келдім. Бізді Қазақстанға жер аударып жіберді. Содан бері осы жерде тұрамын, еңбек еттім. Вакцинаны өз еркіммен қабылдадым. Алғашқы компонентін алған кезде еш әсерін сезбедім. Дене қызуым да көтерілмеді. Бәрі де вакцина алған жөн деп санаймын. Дәрігерлерге алғысымды айтамын. Өзгелерге де екпе қабылдауға кеңес беремін», - деді зейнеткер Владимир Филипп.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.