АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Stop трафик» жедел алдын алу шарасы өтті. Полиция адам саудасы дерегін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Адам саудасы, жеңгетайлық, адам ұрлау және жұмысқа заңсыз тарту дерегін анықтау мақсатында «Stop трафик» жедел алдын алу шарасы өтті.
«Шара барысында адам саудасының 1 дерегі, жезөкшелікпен айналысуға тартудың 1, қоғамдық орындарда тиісудің 47 және көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жай берудің бір дерегі анықталды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, 2 жеңгетай және 10 жезөкше анықталып, есепке қойылды.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.