Басылымның хабарлауынша, «Ақтөбе ӘКК» қарызы есебіне ғимаратты 340 миллион теңгеге бағалаған. Облыстық мәслихат құжаттары бойынша, «Ақтөбе ӘКК» несиелік қарызы - 660 миллион теңге (2015 жылдың қорытындысы бойынша). Қарыз 2011-2014 жылдары жиналған. Компанияның барлық есепшоты мен мүлкіне тыйым салынды.
Биылғы тамыз айында «Ақтөбе ӘКК» есепшоттары мен мүлкіне салынған тыйым алынды. Бірақ ӘКК теңгерімінде болған әділет департаментіне салынған тыйым өз күшінде. Оны қарызды жабу үшін қолдануы да мүмкін. Сот шешімі бойынша, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның қарызы 387 миллион теңге.
«2015 жылы тәуелсіз аудиттің айтуынша, ӘКК шығындары 250 миллион теңге болған. Сонымен бірге ӘКК ғимаратты жылына 12,5 миллион теңгеге жалдаған. 2015 жылдың соңында 5,5 миллион теңге қарыз пайда болған», - деп жазды басылым.