АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Биыл Ақтөбенің полигонын сенімгерлік басқаруға алған «Таза Әлем 12» ЖШС қоқыс шығарушыларды да, әкімдікті де сотқа бермек. Ол бұған дейін тасымалдаушылардың келісімшартқа отырмағанын, 1 теңге де төлемегенін, бірнеше ай өтсе де өтінішке құлақ аспағанын айтып отыр. Kazinform тілшісі тараптардың пікірін тыңдады.
Үш айда 1 теңге де алмадым — мердігер
Ақтөбе қаласы әкімдігі тұрмыстық қатты қалдық полигонын биыл сенімгерлік басқаруға берді. Мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысқан «Таза Әлем 12» ЖШС жұмысты шілде айында бастады. Алайда сол кезден-ақ кедергіге тап болған.
Ақтөбе облыстық экология департаментінің хабарлауынша, қоқыс полигонынан тыс жерге тұрмыстық қалдық төгу дерегі тіркелген, тексеру жүргізу үшін құжаттар дайындалып жатыр.
Еске салсақ, Ақтөбеде кеше ғана қоқыс полигоны өртенді. Өрт аумағы 1 мың шаршы метрге жетті.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.