Ақтөбеде алаяқ әйел 12 зейнеткердің алтын сырғасын шешіп алған

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде зейнеткерлерді алдаған 50 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық полиция департаментіне зейнеткерлерден шағым көбейді. Көшеде бейтаныс әйел көрші, танысы деп амандасып, сырғасының шешіліп кеткенін, тағуға көмектесетінін айтып, тонап кеткен.

«Ақтөбе полициясы 50 жастағы күдіктіні ұстады. Ол бұрын да осы ісі үшін сотталған. Барлығы 12 жәбірленуші танып отыр. Алдағы уақытта олардың қатары артуы мүмкін. Дәл осы жолмен алданғандардың хабарласуына болады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.