Ақтөбеде алаяқтық жасаған мемқызметкерлер сотталды

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының екі қызметкері 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің облыстықдепартаменті екі мемлекеттік қызметкерге қатысты істі тергеп, сотқа жіберді.Ақтөбе облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасы басшысының орынбасарыТалғат Қуанышев пен бөлім басшысы Қайрат Қанаев алаяқтық жасағаны үшін жауапқатартылды. Іс материалдарына сүйенсек, мемлекеттік қызметкерлер алаяқтық жасап,өкілеттіліктерін асыра пайдаланып, компанияның 150 миллион теңгесін иемденді.Бұл ақшаға жобалау, құрылыс-монтаж жұмысын жасау лицензиясын электронды түргеауыстыруға сұраған.

№ 2 Ақтөбе қалалық соты Т. Қуанышев пен Қ.Қанаевты 6 жылғабас бостандығынан айыру жазасынтағайындады. Олар өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналыса алмайды.

Соңғы жаңалықтар