Тексеру барысында аталған бейнероликтің авторы Ақтөбе қаласының 27 жастағы тұрғыны Қолдас Қойшыгараев екені белгілі болды.
Құқық бұзушылық фактісі бойынша азаматқа әкімшілік айыппұл салынды.
Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілердің көпшілікке қолжетімді ақпараттық кеңістік екенін ескертеді. Осыған байланысты әлеуметтік желілерде құқық бұзушылық жасаған тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.
Полиция азаматтарды әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде қоғамдық әдеп нормаларын сақтап, заң талаптарын сақтауға шақырады.
Айта кетелік Алматыда полиция жанында арандатушылық бейнежазба түсірген тұрғын ұсталған еді.