«Ақтөбе өңірінде солтүстік циклонның әсерінен ауа райы күрт өзгерді. Аймақтың оңтүстігінде сәл жылы болғанымен, солтүстік бөлігінде нөлден төмен. Қар, қар аралас жаңбыр күтіледі. Сонымен бірге, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Үш күнде түнде -5 градусқа дейін салқындап, күндіз 5 градус болады», - деді инженер-синоптик Лариса Тарасенко.
Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Әлішер Сарбаевтың айтуынша, синоптиктердің мәліметіне қарай тұрғындарға ескерту жасалды.
«Түнде үйден шықпаған жөн. Жолға шыққанда сақтану керек. Сонымен бірге, көліктердің дөңгелегін ауыстыру маңызды», - деді ол.
Әзірге қандай да бір төтенше жағдай тіркелмеді, көмек сұраған адамдар болмады. Ал, «ҚазАвтоЖол» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы Самара-Шымкент тасжолын қардан тазартып, инертті материалдар септі.