АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысының коменданты алкоголь өнімдерін сату уақытын шектеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облысы комендантының бұйрығымен төтенше жағдай кезінде қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш заттардың, арнайы құралдардың, улы заттардың сатылуына тыйым салынды.
Дәрілік, есірткі заттары, психотроптық заттар, прекурсорлардың айналым уақыты сағат 21:30-ға дейін деп белгіленді.
Сонымен қатар этил спирті, алкоголь өнімдерін сату жұмыс күндері сағат 17:00-ге дейін белгіленді.
«Тек жексенбі және мереке күндері сатылуына тыйым салынады. Осы бұйрықты бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылады», - облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.