Жапа шеккен қызды ағасы қорадан тауып алған. Ол баланың өгей әкесінің ағасы болып табылады, деп жазды "Диапазон" газеті.
Қылмыс 15 қыркүйекте жасалған. Алайда бұл туралы бүгін ғана белгілі болды.
Газеттің жазуынша, жасы 30-дан асқан ер адам қыздың жанұясына қонаққа келген. Кешке 10 жасар ағасы қорадан қарындасын тауып алып, ата-анасын шақырған. Күдікті дереу ұсталды.
Сот медициналық сараптама қызға зорлық-зомбылық аса қатыгездікпен жасалғанын көрсетті. Қыз баланы ауруханаға жатқызудың қажеті болмады, бірақ ол психологтардың көмегіне зәру. Мамандар қызбен әлі де жұмыс жасауда.