Ақтөбеде апалы-сіңлілі оқушылар кешеден бері табылмай жатыр
Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бесқұдық ауылынан шығып кеткен екі оқушы қыз кешеден бері табылмай жатыр. Полициямен қатар оларды еріктілер де іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Ақтөбе облыстық білім басқармасы
Қобда ауданы Бесқұдық ауылынан шыққан 13 жастағы Диляра Қалиева мен оның апасы Назым Қалиева кешеден бері табылмай жатыр. Олар Хромтаудағы әжемізге барамыз деп кетіп қалған.
Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, Қобда аудандық полиция бөлімінен 15, Ақтөбе облыстық полиция департаментінен 12 қызметкер мен еріктілер жұмылды.
Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Сонымен бірге Хромтау полициясы да іздеуге көшті.
- Қобда ауданы Бесқұдық ауылындағы анасынан Хромтауда тұратын әжемізге барамыз деп кетіп қалған. Бұрын олар әжесінің қолында тәрбиеленген. 8-9 сынып оқушылары, - деді облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.