АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Талғат Бегелдинов атындағы әуе күштері әскери институтының қызметкерлері COVID-19-ға қарсы вакцина қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе қаласында орналасқан Талғат Бегелдинов атындағы әуе күштері әскери институтының қызметкерлері елдегі иммундау шарасынан тыс қалмады. Мұнда барлығы 1 мыңнан астам адам еңбек етсе, оның 700-ден астамы COVID-19-ға қарсы вакцинаның алғашқы компонентін алып үлгерді. Алдымен басшылық құрам мен ЖОО басқарма қызметкерлеріне вакцина егілді.
«Бұл оқу процесін үздіксіз жүргізуге, әскери дайындықты шыңдауға мүмкіндік беретін қадам. Осы арқылы біз өзіміз бен жақындарымызды қорғай аламыз», - деді институт бастығы, авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов.
Вакцинация әскери оқу орнының медициналық кабинетінде жүргізілді. Қызметкерлер енді екінші компонентті 22-мамыр күні қабылдайды. Осы жолмен иммундау жұмысы келесі айда толық аяқталмақ.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.