АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Әскери қызметшілер Ақтөбе қаласындағы Тұңғыш Президент саябағына қардан мүсін, сырғанақ жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе гарнизонының әскери қызметшілері балаларды қуантып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
«Балаларға сый жасау үшін ұжым осындай шешім қабылдады. Мультфильм кейіпкерлерімен қатар, Аяз ата, Ақшақар, тышқан мен сиырдың бейнесін қардан жасап, боялды. Сонымен бірге сырғанақ жасалды. Ақтөбе қаласында ақылы саябақ көп, ал әскер гарнизон кішкентай ақтөбеліктердің тегін қыдыруына мүмкіндік жасады», - деп хабарлады облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, әскери қызметшілер бар болғаны екі күнде оннан астам мүсінді қардан жасады.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.