Ақтөбеде ауа райына байланысты мемлекеттік ту төмен түсірілді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің екі ауданында орналасқан мемлекеттік ту төмен түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

«Құрметті ақтөбеліктер!

Ақтөбеде желдің күшеюіне байланысты 12-шағынаудандағы айналма жолда орнатылған Мемлекеттік Ту және ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақта тұрған Мемлекеттік Ту жел басылғанға дейін түсіріліп қойылды.

Бұл - Тудың жыртылмай сақталуы мақсатында жасалған әрекет. Жел басылған соң қайтадан орнына көтеріледі» деп ескертті облыс әкімдігі.

Еске сала кетейік, Қазақстанда ауа райы бұзылып, 11 өңірде ескерту жарияланған болатын.