«Қазақавтожол» ЖШС сағат 20:00-ден бастап көктайғаққа байланысты Самара - Шымкент тасжолының бір бөлігін жапты. Республикалық күре жолында Ақтөбе қаласы Беққұл баба ауылынан Ырғыз ауданы орталығына дейін жеңіл және жүк көлігіне жүруге тыйым салынды. Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті, полиция жолдағы қауіпсіздікті бақылауды күшейтті.
23:04, 03 Желтоқсан 2019
Ақтөбеде ауа райына байланысты жол жабылды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Самара - Шымкент тасжолының Ақтөбе қаласы мен Ырғыз аудандары аралығы уақытша жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.