АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде қар жауып, борап тұр. Қазір Ақтөбеден Батыс Қазақстан облысы арасындағы жол жабық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті бүгін желдің жылдамдығы секундына 28 метрге жетіп, боран болатынын ескертті. Іле-шала облыстық ПД баспасөз қызметі боран соғып, Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аумақтың жабылғанын хабарлады.
Сонымен бірге Шұбарқұдық ауылынан Атырау облысының шекарасына дейінгі аралықта көлік қозғалысы шектелді.
Айта кетейік, Ақтөбеде алғашқы қар 11 қараша күні жауды. Онда жүк көліктері жолда қалып, құм мен тұз себу жұмыстары жүргізілді.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.